Футзал

«Жетісу» футзал командасы Қырғызстанда өткен турнирде топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғандық «Жетісу» футзал командасы Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды prosports.kz.

Турнир Қырғыз Республикасының футзал қауымдастығы бастамасымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Оған Қырғызстан Супер Лигасының сегіз командасы, Қырғызстан жастар құрамасы және «Жетісу» командасы қатысты.

Командалар екі топқа бөлінді, әрқайсысы 5 команда. Әрбір топтың алғашқы екі командасы жартылай финалға шықты. Нәтижесінде, барлық алты матчты жеңген Сергей Белокуров пен Виталий Халявин шәкірттері турнирде топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер