Жеңіл атлетика

Оралда алғаш рет қайырымдылық жартылай марафоны өтті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде марафондар ұйымдастырыла бастады. Жақында Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында алғаш рет алғаш рет қайырымдылық жартылай марафоны өтті, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Оралдағы жартылай марафонға облыстың барлық аудандарынан және республиканың өзге өңірлері Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Павлодар қалалары мен Италия мен Ресей азаматтары да қатысты.

Оралдағы қайырымдылық марафонына атақты супермарафоншы Марат Жыланбаев құрметті қонақ ретінде шақырылды. Ол облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге 10,5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Мейірболат Нұржановтар да белсенділік танытты.

21 шақырымдық жартылай марафонда Алматы қаласынан келген Алексей Гусаров жеңіске жетті – 1:11.52. Жеңімпазға алтын медаль және 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Екінші орын астаналық Амет Манатқа бұйырды. Үшінші орынды жергілікті спортшы, Рио Олимпиадасының қатысушысы Георгий Шейко еншіледі. Ол негінен спорттық жүріске бейімделген атлет.

Қыздардан Орал қаласының тумасы Салтанат Сүндетова үздік шықты. Жеңімпаз 500 мың теңгеге қол жеткізді. Екінші орын Аида Давудоваға бұйырса, үштікті Наргиза Иргусаева қорытындылады.

Ал 10,5 шақырымдық қашықтықта Атырау қаласының белгілі марафоншысы Базарбай Дауталиев жеңіске жетті. Қыздардан алматылық Диана Айдосова топ жарды. Ол да Шейко секілді 20 шақырымға спорттық жүрістен өнер көрсететін спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер