Қысқы

Абзал Әжіғалиев: Ресей Кубогында кіл мықтылармен жарыстым

Абзал Әжіғалиев: Ресей Кубогында кіл мықтылармен жарыстым
news-banner7
mobile-news-top

Шорт-тректен Ресейдің ашық кубогінде екі мәрте жүлдегер атанған Абзал Әжіғалиев Olympic.kzсайтына сұхбат беріп, ресейліктермен жаттығудың ерекшеліктерін атап өтті.

- Коломна қаласында шорт-тректен Ресей ашық кубогінің бірінші кезеңі өтті. Аталған дүбірлі сында жүлдегер атанғаным үшін қуаныштымын. Өйткені, мұндағы шорт-трек мектебінің басымдықтары көп. Кубоктік додаға жалпы есебі 300-ге жуық спортшы қатысты. Демек, жүлдеге үміттілер қатарының көптігін және бәсекелестіктің жоғары екенін байқауға болады.

Әсіресе, Семен Елистратовтың мықтылығын мойындау керек. Семен Олимпиада чемпионы әрі жүлдегері атанған тәжірибелі шорт-трекші. 500 метрге жарыста мен Елистратовқа ғана есе жіберіп, мәре сызығын екінші болып кестім. Ал 1000 метрге жүгіруде үздік үштікке ендім. Бұл қашықтықта да Семен мықты болды.

Жалпы, мұндай шебер спортшылармен жарысу өзіңе сенімділік сыйлап, деңгейіңді арттыра түсетіні сөзсіз.

Ал жалпы жиынға келер болсам, биылдан бастап біз Ресеймен бірлескен жаттығу өткізудеміз. Бұған дейін Голландия құрамасымен дайындалғанымыздан көпшілік хабардар. Меніңше, Ресейдегі шорт-трекшілерге жасалған жағдай жақсырақ.

Мұндағы мұз айдыны, бапкерлер қауымы мен спортшылардың тамақтануы да жоғары деңгейде. Осындай база біздің елімізде бой көтерсе, талай мықты спортшылардың өсуіне жол ашады.

Алдағы уақытта бізді ірі жарыстар күтіп тұр. Атап айтар болсақ, әлем кубогі додаларында бақ сынаймын. Мейілінше сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атануға тырысмын, - дейді Абзал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер