Қысқы

Сот Денис Тенді өлтіргендерге қатысты қаулы шығарды

Сот Денис Тенді өлтіргендерге қатысты қаулы шығарды
news-banner7
mobile-news-top

Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қаласы сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов айтты.

«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 11 және 12 қыркүйекте қамауда ұстау мерзімін 23 қазанға, яғни үш айға дейін ұзартуға қаулы шығарды», — деді ол.

Ұсталған Нұрәлі Қиясов 20 шілдеде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен қамауға алынды. Сол күні сот сырттай Арман Құдайбергеновті қамауға алуға санкция берді. Іс бойынша үшінші күдікті Жанар Толыбаева 23 шілдеде ұсталды. Аудандық сот оны 25 шілдеде қамауға алуға санкция берді. Бастапқыда олар екі айға қамалды.

Екі күдікті ұрлық, қарақшылық жасады және кісі өлтірді деп айыпталып жатыр. Әйел қылмысты хабарламағаны үшін сотталуы мүмкін.

19 шілде күні танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыс Алматы қаласының орталығында жасалды: спортшы автокөлігінің бүйір айнасын шешіп алып жатқан ұрыларды көріп қалған. Ол екі жігіттің соңынан қуып, ұстап алмақ болған, алайда ұрылар оның аяғынан пышақтап кеткен. Әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушының қазасы үлкен қоғамдық резонанс туғызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер