Бокс

Альварес IBO титулынан бас тартты

Альварес IBO титулынан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес 16 қыркүйекте Геннадий Головкинді жеңіп, қазақстандық боксшыға тиесілі WBA Super, WBC және IBO белдіктерін иеленген болатын.

Бірақ Канело Халықаралық бокс ұйымының (IBO) санкциялық жарнасын төлеуден бас тартты. Сондықтан, бұл титул қазір бос қалды. Ал Альварес жекпе-жектен кейін WBC, WBA Super, WBC арнайы белдігі және The Ring журналының белдігін иеленді.

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Канело арасындағы рематч мексикалық боксшының жеңісімен аяқталған болатын. Ал былтыр боксшылар алғаш рет жұдырықтасып, тең түскен еді. Енді Головкин де, Альварес те үшінші жекпе-жек өткізуге қарсы емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер