«Барыстың» шабуылшысы сұрмергендер тізімінде көш бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Барыстың» шабуылшысы Роман Старченко ҚХЛ тұрақты чемпионатында сұрмергендер тізімінде көш бастады.
7 матчтың қорытындысы бойынша 32 жастағы форвард 7 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды. Өткен маусымды санағанда хоккейші қатарынан 13 матч бойы ұпай жинап келе жатыр.
Естеріңізге салсақ, «Барыс» тұрақты чемпионаттың соңғы матчында «Авангардқа» буллиттер сериясында жол берген еді.