Алмас Құлшынбаев: «Сахалбаев бізде жаттығып жүр»
![Алмас Құлшынбаев: «Сахалбаев бізде жаттығып жүр»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1388067502_208949121.jpg?v=28700598)
Семейлік «Спартактың» бас бапкері Алмас Кулшинбаев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне Руслан Сахалбаевтің командада жаттығып жүргендігін айтты.
- Алмас, оқу-жаттығу жиыны қалай өтті?
- Жақсы. Қойған талаптар орындалды.
- Жаңа ойыншылар бар ма?
- Руслан Сахалбаев бізде жаттығып жүр, тағы да басқа жаңа ойыншылар бар. Бірақ, әлі ешкіммен келісімшартқа отырған жоқпыз.
- Қаржылық тұрғыда қалай?
- Бәрі жақсы. Команда басшылығы ойыншылар мен бапкерлер үшін барлық жағдай жасауда.