Командалық

Гандболдан ақтөбелік команда төртінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбе қаласының «Казхром» ТҰК дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында қол добынан 2003 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің әр өңірлерінен 8 команда қатысып, олар өзара бақ сынасты. Алдымен командалар екі топта мықтыларды анықтады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша төрт команда жартылай финалда жарысты жалғастырды. Бірінші орын үшін тартыста біздің ақтөбелік «Казxром» командасы Павлодардан келген спортшыларды жеңді. Осылайша, дәстүрлі чемпионаттың қорытындысы бойынша Павлодардың командасы екінші болды, ал жүлдегерлер үштігінен шымкенттіктер көрінді.

Басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетов үздік деп танылған командаларды жеңістерімен құттықтап, барлық қатысушыларға зор алғысын білдірді. Сондай-ақ, жеңімпаз командаға арнайы кубок табыс етті.

Айта кетейік, облысымыздың «Казxром» командасы қол добынан жасөспірімдер арасында биыл 4-ші рет чемпиондық атаққа ие болып отыр.

Сонымен қатар, облыста аталмыш спорт түрінің жетістігі жүйелі болуы және балалар мен жасөспірімдер арасында қол добын дамыту үшін биылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына қол добы спорт түрі енгізілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер