Бокс

Көкшетауда Головкинге арналған флешмоб өтті

Көкшетауда Головкинге арналған флешмоб өтті
news-banner7
mobile-news-top

Көкшетаудағы BMW автоқауымдастығы Геннадий Головкинге қолдау білдіру мақсатында жеңіл көліктерден флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияның видеосы BMW автоқауымдастығы Инстаграм желісінде жарияланды. Онда 20-ға жуық машина «GGG» жазуын көрсетіп, тізбектеліп тұр. Сондай-ақ бейнеүзіндіде көліктердің асфальт үстіндегі дрифтін көруге болады.

Бірі: «Дұрыс, ол біздің чемпион және солай болып қала береді» десе, енді бірі Генаның жеңілгеніне əлі де сенбейтінін жазады.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінени айырылған болатын.

\

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер