Хоккей

«Барыс» - «Авангард» кездесуінің тікелей трансляциясы

«Барыс» - «Авангард» кездесуінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында астаналық «Барыс» Омск қаласының «Авангард» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін «Барыс» – «Авангард» кездесуімен елордалықтардың өз айдынындағы ойындар сериясы аяқталады. Қыркүйектің 12-сі мен 18-і аралығында Андрей Скабелка шәкірттері Астанада төрт матч өткізеді. «Барыс» алғашқы үш матчтың екеуінде жеңіске жетті.

Бір қызығы, бүгін қазақстандық құраманың жаңа жаттықтырушысы, Беларусь маманы Андрей Скабелка өзінің бұрынғы клубы - «Авангард» клубымен кездеседі. Ол бұл клубтың тізгінін өткен жылдың желтоқсанына дейін ұстаған болатын.

Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады. QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер