Бокс

Геннадий Головкин жекпе-жектен уақытша шеттетілді

Геннадий Головкин жекпе-жектен уақытша шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тынығып, қалпына келуге мұрсат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Невада Атлетикалық Комиссиясының шешімі бойынша, GGG ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін шаршы алаңға шыға алмайды. Ал Канело рингке 15 қарашадан кейін ғана оралады.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек Астана уақыты бойынша 16 қыркүйек таңертең Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Бұл кездесуде мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер