Бокс

Конфедерация кубогі: Жартылай финалға өткен командалар анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Конфедерация кубогінде аймақтардағы іріктеу кезеңдері аяқталып, турнирдің жартылай финалына жеткен командалар белгілі болды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

9 қыркүйек күні алғашқы жартылай финалдық жұп анықталды. Шымкент және Қарағанды облысының боксшылары финал жолдамасына таласады.

Жартылай финалдағы екінші жұп - Астана және Маңғыстау облысының командалары.

Астаналық команда өз тобындағы барлық кездесуде жеңіске жетті. Олардың қатарында Олимпиада жүлдегері Василий Левит бар.

Жартылай финал матчтары дәстүр бойыншы бір уақытта өтеді. Кездесулер желтоқсан айының ортасына жоспарланған.

Бокстан Конфедерация кубогінің жүлде қоры - 25 миллион теңге.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер