Баскетбол

Қазақстандық баскетболшылар сырт алаңда Австралияға жол берді

news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Австралиядан ұтылып қалды деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Жасыл құрлықта өткен кездесуде біздің спортшылар 94:41 есебімен қарсыласқа жол берді.

Қазақстан сапынан Александр Жигулин мен Дмитрий Гаврилов ең көп ұпай жинады.

Бұл матчта Австралияның басым болуы заңды. Өйткені, әлемдік ФИБА рейтингінде австралиялықтар үздік ондыққа енеді, ал Азия және Океания аймағында бірінші сатыда тұр.

Осы кездесуден соң Қазақстан F тобында бесінші орынға сырғып, әлем чемпионатына жолдама алатын төрттіктен тыс қалуда.

Біздің команданың алдында әлі төрт ойын бар. Қазақстандықтар Филиппинмен екі ойын өткізсе, сырт алаңда Жапониямен және өз жерінде Австралиямен айнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер