Георгий Попхадзе «Атырауға» қарсы матчқа қатыса алмайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Қызыл Жар» командасының қорғаушысы Георгий Попхадзе Премьер лиганың 27-ші туры аясында өтетін «Атырауға» қарсы матчқа қатыса алмайды.
Бұған себеп, футболшы өткен турда «Ертіске» (0:1) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл футболшының осы маусымдағы төртінші рет сары қағазбен жазалануы болғандықтан, келесі турда командасына көмектесе алмайды.
31 жастағы футболшы биыл 20 ойынға қатысты.