Георгий Попхадзе «Атырауға» қарсы матчқа қатыса алмайды

news-banner7
mobile-news-top

«Қызыл Жар» командасының қорғаушысы Георгий Попхадзе Премьер лиганың 27-ші туры аясында өтетін «Атырауға» қарсы матчқа қатыса алмайды.

Бұған себеп, футболшы өткен турда «Ертіске» (0:1) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл футболшының осы маусымдағы төртінші рет сары қағазбен жазалануы болғандықтан, келесі турда командасына көмектесе алмайды.

31 жастағы футболшы биыл 20 ойынға қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер