Жеңіл атлетика

Жанна Мамажанова халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жеңіл атлет қыздар соңғы жылдары 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 40 минутта жүгіре алмай жүрген еді. 2015 жылы Қытайдағы Азия чемпионатында Гүлжант Жанатбек мәреге 2:38:36 сағатта жеткен еді, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

16 қыркүйек «Астана» халықаралық марафонында Жанна Мамажанова аталған қашықтықты 2:38:56 минутта бағындырды. Сөйтіп, алғаш рет Қазақстан чемпионы атанып әрі халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген спортшы негізінен орта қашықтыққа жүгіруге маманданған. Тек былтырдан бері жартылай және толық марафонға қатысып, өз бағын сынап жүр.

«Астана» халықаралық марафонында әйелдер арасында кениялық Салина Джебет пен Люси Ндунгу ешкімге жеткізген жоқ. Бірінші және екінші орынды өзара бөлісті. Алғашқысының уақыт көрсеткіші – 2:31:09. Ндунгу одан 2 минутқа кешікті.

Үшінші орын тәжірибелі қырғызстандық атлет Юлия Андрееваға бұйырды – 2:37:46. Ал мәреге төртінші болып, Жанна Мамажанова келді. Оның уақыты жоғарыда айтқанымыздай – 2:38:56. «Астана» марафонымен қатар Қазақстан чемпионаты өткізілгенін еске салайық. Қазақстандық спортшылар арасында ең жоғары нәтижені Мамажанова көрсеткіндіктен, ол ел чемпионы атанды. Күміс жүлдеге Дана Айдосова ие болды. Ол бұрын спорттық жүріспен айналысқан. Соңғы кездері марафонға жүгіруден бағын сынап жүр. Үштікке ОльгаБогомольская тұрақтады.

Astana Marathon. 42.195 шақырым. Әйелдер:

1. Салина Джебет (Кения) – 2:31:09;

2. Люси Ндунгу (Кения) – 2:33:12;

3. Юлия Андреева (Қырғызстан) – 2:37:46.

4. Жанна Мамажанова (Қазақстан) – 2:38:56.

Тас жолмен жүгіруден Қазақстан чемпионаты. 42.195 шақырым. Әйелдер:

1. Жанна Мамажанова (Алматы) – 2:38:56;

2.Дана Айдосова (Алматы) – 2:47:19

3.Ольга Богомольская (Павлодар облысы) – 2:59:46.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер