Қазақстандық футболшы Израиль чемпионатында алғашқы голын соқты

Қазақстандық футболшы Израиль чемпионатында алғашқы голын соқты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Тимур Рудосельский петах-тиквалық «Хапоэль» сапында алғашқы голын соқты.

Қазақстандық футболшы Израильдің Бірінші лигасындағы 4-турда «Хапоэль» (Рамат-ха-Шарон) командасының қақпасына гол соқты. Рудосельский 40-минутта есеп ашқан, ал ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Тимурдың командасы Израильдің екінші дивизионында ойнайды. Команда маусымды минус 11 ұпаймен басталған. Ал қазір «Хапоэльде» -4 ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер