Еркін күрес

Марина Седнева – Гран-при турнирінің жеңімпазы

news-banner7
mobile-news-top

Беларусь елінің астанасы Минск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Александрь Медведь атындағы халықаралық турнир мәресіне жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз-қызметі жазды.

Еркін және әйелдер күресінен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық турнирде Қазақстаның әйелдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, 55 келі салмақта күрескен Марина Седнева финалда ресейлік балуаннан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. 50 келіде Валентина Ислямова - күміс жүлдегер.

Сондай-ақ, 53 келідегі Аиша Уалишан, 68 келіде ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова мен 72 келідегі Жәмила Бақбергенова Медведь атындағы турнирдің қола жүлдесіне ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер