Әлем футболы

Моуриньо қай футболшылардың командадан кеткенін қаламайтынын айтты

news-banner7
mobile-news-top

«Таңдаулы» деп айдар тағылған Жозе Моуриньюдің қазір беделі бұрынғыдай емес. Бірақ өзінің пікірі әлі де сол қалпы. «Манчестер Юнайтед» маусымды ала-құла бастағанда сынның астында қалған бас бапкер, талай жұрт менің кеткенімді қалайды. Алайда дәл мендей табысқа кенелген бапкер ағылшын премьер лигасында тым аз. Ал біріншілік енді басталды. Күні ертең жеңіске жетеміз деген. Шынында да қазір Манкуниандықтар сауатты өнер көрсетіп жүр. Өткен турда «Уотфордты» ұтты. Есеп - 2:1.

- Ойын туралы ойым түсінікті. Қажетті ұпайды алдық. Жігіттер барын салды. Біршама жақсы ойнадық. Рас, бірінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер көп болып еді, мүлт кеттік. Сол жағы қынжылтады. Екінші таймда азу көрсете алмадық. «Уотфорд» ойынға қайта оралды дегендей. Айтпақшы, Хуан Мата мен Андера Эррера туралы екі ауыз сөз. Олардың командадан кеткенін қаламаймын. Бізге қажет футболшылар, - деді Жозе Мауриньо.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер