Волейбол

Қазақстан әйелдер құрамасы тағы да ұтылды

news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер арасында Қазақстанның екінші құрамасы Таиландта Азия кубогының екінші матчында Аустралияға жол берді.

Қазақстандық волейболшылар бұл матчта да есепте алда болғанымен, жеңісті ұстап қала алмады – 2:3 (25:21, 20:25, 23:25, 25:20, 12:15).

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде екінші матчта да жеңілді.

Енді біздің құрама ертең Астана уақытымен 15:00-де Филлипин құрамасымен күш сынасады.

Айта кетейік, Қазақстанның негізгі құрамасы қазір Жапонияда жиын өткізіп жатыр. Ұлттық құрама 30 қыркүйекте әлем чемпионатына қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер