Бағдат Қайыров: Есеп ашатын бірнеше мүмкіндіктеріміз болды

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» қорғаушысы Бағдат Қайыров «Ордабасы» (0:0) клубымен өткен ойынға пікір білдірді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

- Бүгін тартысты ойын болды. Екі командаға да үш ұпай ауадай қажет болды, сондықтан тек жеңіске жету үшін ойнадық. Бапкерлердің нұсқауларын дұрыс орындауға тырыстық. Тактикалық жағынан жақсы қимылдадық деп ойлаймын. Бірінші таймда қарсыласқа қарағанда біздің шабуылдар қауіптірек шықты. Есеп ашатын бірнеше мүмкіндіктеріміз болды, алайда дәлдік жетіспеді. Жалпы айтар болсақ, ойын есебі заңды. Сонымен қатар, бүгін ойынға келіп, бізге қолдау білдірген жанкүйерлерімізге көп-көп рақмет. Біз оларды естідік, қолдап-қолпаштағандарын сезіндік. Сол үшін де біз оларға зор алғыс айтамыз, ризашылығымызды білдіреміз, - деді Қайыров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер