«Ордабасы» мен «Ақтөбе» есеп аша алмады

«Ордабасы» мен «Ақтөбе» есеп аша алмады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 26-турындағы соңғы матч тең аяқталды.

Шымкентте жергілікті «Ордабасыға» «Ақтөбе» футболшылары қонаққа келген. Матч алма кезек шабуылдармен өтсе де, екі команда да есеп аша алған жоқ. Нәтижесінде, ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Осы матчтан соң «Ордабасы» 34 ұпаймен төртінші орында келе жатыр. Ал «Ақтөбе» алтыншы орында тұр – 30 ұпай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер