Бокс

Геннадий Головкиннің ағасы оның жағдайы туралы айтты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ағасы Максим Головкин оның жанкүйерлеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар спортшының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Максим Головкин Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Геннадий үшін жанкүйерлік етіп, ол үшін уайымдап жатқан адамдардың бәріне алғыс білдіргім келеді. Жанымызда болғандарға рақмет! Геннадий, аренаға еңсесін тік ұстап кірді және жекпе-жектен кейін де еңсесін тік ұстаған күйі кетті. Қастық жасаушылар, ешқандай төреші, мексикалық мейрамдардың ешбірі Геннадийді және оның өзіне деген сенімін мұқата алмайды. Біз үшін Геннадий – чемпион. Ол кетіп бара жатқанда еңсесін түсірген жоқ және өзін жеңілдім деп санамайды», – деп жазды Максим Головкин.

Айта кетсек, бүгін, 16 қыркүйекте, Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин – «Канело» жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер