Басқа

Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Азия сериясында қола жүлдегер атанды

Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Азия сериясында қола жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

14-15 қыркүйек күндері Гонконгта регбиден əйелдер командасы арасында Азия сериясының бірінші тур ойындары өтті деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Аталған сынға қатысқан Қазақстан құрамасы үшінші орынға табан тіреді.

Бұл жолы да біздің қыздар Жапонияға есе жіберген. Еске сала кетейік, Азия ойындарында да жапон қыздары алынбас қамал болған еді.

Бас бапкер Валерий Поповтың айтуынша, спортшылардың жарақаты ойын барысында кедергі болған.

- Азия ойындарының аяқталғанына көп бола қойған жоқ. Қыздардың көпшілігі жарақатынан айығып үлгермеді. Команда үздіктерінің өзі жарақаттан көз ашпай отыр. Сондықтан, біздің қазіргі жағдайымызда қола жүлде жаман көрсеткіш емес. Енді келесі айналымдарда жеңіске жетуге тырысамыз, - дейді бас бапкер.

Азия сериясының екінші айналымы Оңтүстік Кореяда, үшінші туры Шри-Ланкада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер