русский язык
Футбол

Тәжімбетов «Таразға» ауысуы мүмкін

Тәжімбетов «Таразға» ауысуы мүмкін

«Тараздың» бас бапкері Арно Пайперс алғашқы оқу-жаттығу жиыны қорытындысы бойынша, командада кімдер қалатынын және кімдер кеткендігін жариялады, деп хабарлайды «Знамя труда».

Рамиль Нурмухаметов, Руслан Айдарғалиев, Джурахон Бабаев, қорғаушылар – Мақсат Әмірханов, Данияр Баялиев, Берік Айтбаев, Александр Кучма, Илья Воротников келесі жылы «Тараз» намысын қорғайды. Бұдан басқа Рок Рой, Банжар Сигурни, Сергей Скорых, ағайынды Евстигнеевтер, Мирослав Лечич, Эдуард Сергиенко, Эмануэль Одита, Мұрат Тлешев, Жақып Қожамберді және жалға берілген Бауыржан Байтана да келесі маусымды «Тараз» сапында өткізеді. Аталған ойыншылардан өзге, сербиялық Йован Голич пен Тимур Досмағамбетов «Таразға» келуі керек.

Жақында ғана алматылық «Қайраттың» сапында көрінген Дәурен Тәжімбетов келесі маусымда «Тараз» командасында ойнауы әбден мүмкін. Константин Заречный, Абдулаи Диакате, Андрей Шабаев ,Тити Эссомба мен Сергей Шафф «Тараздан» кетіп, қазіргі таңда жаңа клубтар іздестіруде. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;