Бокс

Канело салмақ өлшеу рәсімінде Головкинді ұрып жібермек болды. Видео

Канело салмақ өлшеу рәсімінде Головкинді ұрып жібермек болды. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің соңғы салмақ өлшеу рәсіміне келген жанкүйерлер тосын оқиғаға куә болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Головкин мен «Канело» дәстүрлі көз түйістіру рәсімінде төбелесіп кете жаздады. Осы кезде боксшылардың командалары да шекісіп қалды, ұйымдастырушылар оларды ажыратуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 килограмм), «Канело» 159,4 фунт (72,3 килограмм) тартты.

Рематч 15 қыркүйекте (Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Қос боксшы да бұл жекпе-жекті нокаутпен аяқтауға уәде берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер