Командалық

Регби-7. Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль үшін матч өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгта Азия сериясының үшінші орны үшін матч өткізеді.

Топтық кезеңде біздің қыздар Шри-Ланканы 36:0, ал Сингапурды 24:10 есебімен жеңді. Ал Қытай регбишілеріне 14:21 есебімен жол берді.

Жартылай финалға екінші орынмен шыққан Қазақстан Жапониядан ұтылып қалды – 15:21.

Бүгін енді қазақстандық команда қола медаль үшін Қытай құрамасымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер