Басқа

Алина Әділханова көркем гимнастикадан әлем чемпионатында 19-шы орында

news-banner7
mobile-news-top

Болгарияның Софья қаласында көркем гимнастикадан 36-шы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Азиада чемпионы Алина Әділханова көпсайыста 19-шы орын иеленді.

Ол шығыршықпен жаттығуда 16.975, таспамен жаттығуда 16.300, ұршықпен жаттығуда 16.200, доппен жаттығуда 16.700 ұпай жинады.

Әділханованың жалпы ұпай көрсеткіші - 66.175.

Ал көпсайыстан әлем чемпионы атағын ресейлік Дина Аверина иеленді. Екінші орында израильдік Ашрам Линой. Қола жүлдені тағы бір ресейлік спортшы Александра Солдатова иеленді.

Командалық есепте 6 алтын медаль иеленген Ресей құрамасы бірінші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер