Теннис

Алматыда үстел тенисінен «Оңтүстік Астана» деген атпен халықаралық турнир басталды

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда үстел тенисінен «Оңтүстік Астана» деген атпен халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.

20-шы мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа елімізден бөлек Ресей мен Өзбекстаннан да теннисшілер келді. Бүгін қыздар арасында финалға жолдама алғандар анықталды. Алғашқы жартылай финалда Өзбекстандық Камила Халикова мен Мархабо Магдиева кездесіп, Камила 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Екінші жартылай финалда жерлестеріміз Зәуреш Акашова мен Анастасия Лаврова шеберлік байқасты.

Соңғы ел біріншілігінде Анастасия қарсылас шыдатпай, Қазақстан чемпионы атанса, Зәуреш қола медальды қанағат тұтқан еді. Бұл жолы Акашованың бағы жанды. Есеп: 4:3.

Финал ертең өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер