ФИФА Бахтияровтың «Қайраттан» кетуіне рұқсатын берді

ФИФА Бахтияровтың «Қайраттан» кетуіне рұқсатын берді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол федерациясы «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Акмаль Бахтияровқа басқа клубқа ауысуға рұқсатын берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ФИФА ойыншының «Қайратпен» келісімшартты бұзу туралы шешімін бекітті. Қазір Бахтияров жаңа топ құрамында дайындықтан өтуде. Бұл туралы біздің тілшімізге берген сұқбатында оның агенті Дмитрий Селюк хабарлады.

«Мен айтып өткенімдей, жағдай Акмальдің пайдасына шешілді. Әуел бастан менің клиентімнің келісімшартты бұзып, басқа клубқа еркін агент ретінде кіру құқығына ие екеніне сенімді болдым, алайда Қазақстан футбол федерациясының әрекеттері мені таң қалдырды. ФИФА-ның футболшыны жақтауы - ҚФФ шешімінің заңсыз екенін және ондағы ТМС-менеджерлерінің кәсібилігін жоққа шығарады», - деді Селюк.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 3 шілдесінде Акмаль Бахтияров «Қайрат» футбол клубынан өз еркімен кетіп қалған болатын. Құқықтарын қорғау үшін алматылық клуб Дауларды шешу Палатасына өтініш беруге мәжбүр болды.

Қазақстан футбол федерациясының ДШП бөлімі футболшының әрекетін заңсыз деп танып, 6 айға футболдан шеттетіп және 500 мың теңге көлемінде айыппұл салған болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер