Жеңіл атлетика

Астанада ұзақ қашықтыққа жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді

Астанада ұзақ қашықтыққа жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Алдағы 16 қыркүйекте елордада «Астана» марафоны аясында ұзақ қашықтыққа жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Марафоннан ерлер арасында 28 жастағы Әмір Байтоқанов (ШҚО), 23 жастағы Ержан Жанарстанов (Алматы), 24 жастағы Құдайберген Зейноллаев секілді спортшылар тіркеліп үлгерді.

Ал жақында 1500 метрге жүгіруден Азия ойындарына қатысқан Алексей Гусаров 10 шақырымдық қашықтықта өз бағын сынап көрмек. Сондай-ақ ағайынды Ислам және Яссауи Аманғостарда 10 шақырымға жүгіруге дайындалып жатыр. Мамандар 19 жастағы СҚО спортшысы Вадим Левченковқа ерекше назар аудару керектігін айтып отыр. Ол маусым айында Жапонияның Гифу қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 5000 және 10000 шақырымға жүгіруден жеке рекордын жаңартқан еді.

Әйелдерден марафонға бақ сынауға Ольга Богомольская (Павлодар обл.), Жанна Мамажанова мен Дана Айдосова (екеуі де – Алматы), Ақмарал Мейірман (Түркістан обл,) ниет білдіріп отыр.

Айта кетейік, Ақмарал Мейірман былтыр ШЫҰ халықаралық марафонында 10 шақырымға жүгіруден екінші орын алған еді. Биыл сәуір айында Германияның Ганновер қаласындағы танымал марафоннан күміс жүлдемен оралған болатын. Жанна Мамажанова мен Дана Айдосова наурызда Валенсияда өткен жартылай марафоннан әлем чемпионатына қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер