Бокс

Билли Джо Сондерс: Головкин төрешілер шешімімен жеңе алмайды

Билли Джо Сондерс: Головкин төрешілер шешімімен жеңе алмайды
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің пайымдауынша, Геннадий Головкин Сауль Альваресті тек нокаутпен ғана жеңе алады.

«Головкинге бірден белсенді қимылдау керек, тіпті, алғашқы раундтарды жеңіліп қалса да болады. Себебі ол тек нокаутпен ғана ұта алады. Бұл бокста бар нәрсе және ол ешқайда кетпейді. Головкинге бәрі әділетті болуы үшін нокаут керек.

Меніңше, Головкин бірінші жекпе-жекте үш немесе төрт раунд айырмашылығымен жеңіске жетті. Шынымды айтайын, Головкин таза ұтты, ал Альварес жеңілді. Рингке шыққан сайын сен өз өміріңді қауіпке тігесің, сондықтан төрешілер әділетті шешім қабылдауы тиіс», - деді Сондерс.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек төрешілер шешімімен тең аяқталған болатын.

Ал боксшылардың рематчы Қазақстан уақытымен 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;