Қысқы

Тен бір қарақшыны ұстап алған сәтте екіншісі пышақ сұққан

Тен бір қарақшыны ұстап алған сәтте екіншісі пышақ сұққан
news-banner7
mobile-news-top

Өткен айда қарақшылардың қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрі айтты.

«Екі күдікті де басқа аймақтан келген, әрқайсысы бұрын үш рет сотты болған азаматтар. Олар алдымен көлік жуу орынында жұмыс істеп, кейінірек автокөліктердің айнасын ұрлаумен айналыса бастаған», - деді Қалмұханбет Қасымов Nur.kz тілшісіне.

Қасымовтың айтуынша, сол күні күдіктілерге ақша керек болып қалған.

«Оларға күнделікті өмір сүруге ақша керек болған. Олар бір пәтерде тұрған. Ешқандай құжаты жоқ болса да, бір пәтерге кіріп алған. Басқа елдерде құжатсыз пәтерде тұра аласыз ба? Енді елестете беріңіз, қаламызда осындай қарақшыларға қандай жағдай жасалғанын.

Осы көліктің (Денис Теннің көлігі) жанынан екі рет өтіп, қымбат, жақсы көлік екенін көрген. Айнасында ешқандай жазу-сызу жоқ екенін тексерген. 300 метр жерден бақылап тұрған», - деді ол.

Ал ұрлық болып жатқан сәтте далаға Денистің өзі шығып қалыпты.

«Ол спортшы болғандықтан бірден қылмыскерге тап беріп, ешқайда жібермей ұстап алған. Содан кейін екіншісі келіп пышақты сұққан», - дейді Қасымов.

Сондай-ақ министр қылмыс әрекетінің нақты мақсаты сот отырысында белгілі болатынын атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер