Бокс

«Енді оңай болады». Санчес Головкиннің Альваресті жеңетініне сенімді

news-banner7
mobile-news-top

WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес тәлімгерінің Саул «Канело» Альвареспен екінші кездесуде айтарлықтай проблема болмауы тиіс екенін айтты. Бұл туралы Baq.kz жазды.

«Мектепте бақылау жұмысын тапсырмас бұрын сол бақылауда болатын тапсырмалардың жауабын алдын ала шешіп аласыз. Мен «Канеломен» жекпе-жек Геннадий үшін тура сондай тест болады деп есептеймін. Геннадий бірінші кездесуде жеңді. Біріншісінде Геннадийдің жеңгенін барлығы біледі. Ал ол «Канелоның» қолынан не келетінін жақсы біледі. Ол бірінші кездесуде көрсетеміз деп жоспарлап, бірақ көрсете алмағанды енді көрсетеді. Енді оған оңай болады. Геннадий барлығы ойдағыдай болып жатқанына қуанышты. Бұл рематчта барлығы тамаша», - деді Санчес.

Айта кетсек, Президенттің телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кездесуінен видео үзінді жариялады.

Кеше Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің реванш алдындағы соңғы конференциясы өтті. Боксшылардың екеуі бірдей қатысқан алғашқы шарада Альварес жекпе-жек алдындағы көз түйістіруден бас тартты.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Былтыр бір кездесіп, тең тарқасты. 15 қыркүйек күні (Астана уақыты бойынша - 16 қыркүйекте) екінші рет шаршы алаңда жолығады. Бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер