Басқа

Астанада триатлоннан Әлем кубогының кезеңі өтеді

Астанада триатлоннан Әлем кубогының кезеңі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Австралияда Халықаралық Триатлон Одағының кезекті ХХХІ конгресі өтті. Жиынға 46 елдің өкілдері қатысып, алдағы жоспарларды талқылады, деп жазады Olympic.kz.

Конгреске әлемдегі ұлттық федерациялардың барлығы дерлік қатысты. Оның ішінде, қазақстандық делегация да бар.

Жиында ITU биылғы маусымды қорытындылап, маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, триатлоннан өткізілетін жарыстардың кестесі түзілді.

Конгреске қатысушылар 2019 жылдың 15-16 маусымында Қазақстанда әлем кубогі кезеңін өткізуді бір ауыздан мақұлдады. Астана өз тарихында екінші рет триатлоннан әлем кубогі кезеңін қабылдамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер