русский язык
Футбол

Юпп Хайнкес: «Қазіргі «Бавария» менің емес, Гвардиоланың командасы»

Юпп Хайнкес: «Қазіргі «Бавария» менің емес, Гвардиоланың командасы»

Мюнхендік «Баварияның» бұрынғы бас бапкері Юпп Хайнкес неміс телеарнасына қазіргі «Бавария» туралы біраз сыр шертті.

«Бавария» алдағы он жыл бойы үздік командалардың қатарынан түспейтініне сенімдімін. Қазіргі «Баварияны» тоқтату өте қиын, одан мықты команда жоқ. Маусым басында Мюнхенге жас ойыншылар Гетце мен Тиаго келді, бұған қоса «Бавария» сапында Алаба, Боатенг, Кроос секілді жас, талантты ойыншылар бар. Олардың да жұлдыздары жанады әлі-ақ, бұған қоса команданы мықты, білікті маман жаттықтырады. «Баварияның» тағы бір мықты тұсы, команданың бір ойыншысы алаңда төрт бес орында өнер көрсете алады. Осы себептерге байланысты «Бавария» болашақта да мықты команда болатыны анық.

Негізі Швайнштайгер ерекше ойыншы. Ол - стратег, алаңда ойлану қасиеті бапкерлердікімен бірдей. Меніңше ол әлемнің ең үздік жартылай қорғаушысы. Германия әлем чемпионатын ұтқысы келсе, міндетті түрде Бастианды құрамаға алу керек. Алтын допқа Месси мен Роналду үміткер, дегенмен биылғы маусымда менің сүйікті ойыншым Рибериден мықты футболшы болған жоқ.

Гвардиола клубтар арасында әлем чемпионы атағы менің арқамда деді. Ол – өтірік. Жаңа маусымнан бастап команданы Гвардиола қабылдады. Қазіргі жеттістіктердің бәрі Гвардиоланың арқасында. Қазіргі «Бавария» менің емес, Гвардиоланың командасы»,- деді Юпп Хайнкес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;