Басқа

Ұлыбритания тәжірибесі таңғалдырды

Ұлыбритания тәжірибесі таңғалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Батыс сарапшыларының электронды сигареттер мен темекіні қыздыру жүйелерінің адамзатты классикалық сигареттерден толығымен арылтуға қабілетті екендігіне сенімі мол.

Электрондық сигареттер біршама жаңа өнім, дегенмен оларды енді ноу-хауға да жатқызуға болмайды. Бірақ, осыған қарамастан, оның айналысында көптеген қайшылықтар туындап, шылымы шегуді тастағысы келетін адамдарды іс жүзінде тұйыққа тіретеді. Қауіп-қатері төмендетілген өнімдер тақырыбының негізгі кемістігі - осы саладағы ұзақ мерзімді зерттеулер жайлы ақпараттың шағын көлемінде. Және сарапшылар ақпаратты түйір-түйірмен жинауға мәжбүр болады.

Дегенмен, ағылшындар басқа жолды қууды бел байлады. Ұлыбритания Қауымдар палатасының Ғылым және техника жөніндегі комитет ғалымдары өздерінің электрондық сигареттер мен қыздырылатын темекі бұйымдарын зерттеулерін жүргізді. Осы тақырыпты зерделеу бойынша жұмысқа бес айдан астам уақыт кетті, ал еңбектері денсаулық сақтау мен өнеркәсіп саласындағы 25 сарапшы келтірген 100-ден астам факті мен қорытындыны қамтыған болатын.

Жұмыстың мәні болып жаңа технологиялардың адам ағзасына тигізетін нақты әсерлерінің деңгейін айқындау, сонымен қатар гаджеттерді кәдімгі темекі өнімдерімен түйінделмеген жеке, дербес топтарға бөлу қажеттілігін анықтау табылған.

Жарияланымда дыбысталған негізгі қорытындылардың бірі - ең соңғы жүйелерді пайдаланған кезде түрлі сырқаттардың пайда болу қауіп-қатері деңгейінің айтарлықтай азаятынында. Электрондық сигареттердің зияны кәдімгі сигареттерге қарағанда, орташа есеппен, 95%-ға азырақ, ал темекі қыздыру жүйелері бар өнімдерде бұл көрсеткіш 90% шегінде ұсталып тұр. Бұл сандар басқа елдердегі әріптестердің зерттеулерінде де көрініп қалған болатын, және бұл баламалы ұсыныстарға көшкен кезде қауіп-қатер төмендеуінің жағымды үрдісіне ерекше көңіл аударады. Сарапшылардың деректеріне сүйенсек, Ұлыбританияда электрондық сигареттерді 2,9 млн. адам пайдаланады, солардың ішінде «классикадан» ауысқан, содан кейін зиянды әдеттен мүлдем бас тартқандар да бар. Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігінің бағаларына сәйкес, жыл сайын 16 000-нан 22 000-ға дейін адам электрондық сигареттерді өтпелі құрал ретінде қолдана тұра шылым шегуден сәттілікпен тастайды - бұл көрсеткішті елемеуге болмайды және үлгі ретінде қолданған жөн. Дәл осы санаттағы өнімдерге деген құштарлықты кезең-кезеңмен төмендету шылым шегуден толығымен бас тартудың жолы болып табылады.

Сонымен қатар, құжатта электрондық сигареттер буларының сылбыр әсерінің қауіп-қатері азғантай және кәдімгі сигареттерге қарағанда едәуір азырақ. Сондықтан, электрондық сигареттерді қоғамдық орындарда тұтыну нормаларын қарастырғанда үлкен сақтық таныту керек. Бұл жерде ерекше реттеуді қолдану қажет. Денсаулықты сақтау тұрғысынан қарағанда, осы екі өнімнің тұтынылуын бірдей деп қарауға ешбір негіздеме жоқ. Өз кезегінде, жаңа жүйелердің пайдаланушыларын дәл сол «шылым шегу орындарын» пайдалануға мәжбүрлей отыра, кәдімгі сигареттер әуесқойларының шылым шегулерін тастау талпыныстарын нөлдік деңгейге дейін түсіріп жіберуге болады. Себебі, көптеген шылым шегушілер баламалы нұсқаларға темекі түтінінен құтылу мақстында ауысады ғой.

Норман Лам, Парламент мүшесі, Ғылым және техника жөніндегі комитетінің төрағасы былай деді: «Шылым шегу денсаулық сақтаудың ұлттық мәселесі болып қалуда, және де Үкімет темекі шегудің деңгейін азайтудың инновациялық жолдарын қарастыруы тиіс. Электрондық сигареттердің зияны дәстүрлі сигареттерге қарағанда азырақ, дегенмен, қолданыстағы ережелер мен нормативтік құжаттар осыны жеткіліксіз деңгейде қамтып көрсетеді, компаниялар, қоғамдық көлік және қоғамдық орындар дәстүрлі мен электрондық сигареттерді бір зат ретінде қарастырмаулары тиіс. Бұл үшін қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде ешбір негіздеме жоқ».

Бұл зерттеу - Қазақстанды қоса алғанда, ұқсас тәжірибе әлі орын алмаған көптеген елдер үшін жақсы мысал. Осы тақырыптың өзіндік талдауды өткізу өте маңызды, содан кейін отандық көрсеткіштерге сүйене қорытынды шығаруға болады. Алайда оған дейін бүгінгі күні басқа елдер түзетуге тырысып жатқан қателіктерді жібермеу үшін қауіп-қатері төмендетілген өнімдер жайлы шынайы көзқарасты қалыптастыруға қажет Ұлыбританияның тәжірибесін пайдалануға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер