Жеңіл атлетика

ШҚО-да жеңіл атлетика клубының мүшелері кездесу өткізді

news-banner7
mobile-news-top

Өткен жылы ғана құрылған еліміздегі тұңғыш кәсіби жеңіл атлеттер клубының бүгінгі жетістіктері көп.

Клуб капитаны Ольга Рыпакова биылғы Азия ойындарынан бір алтын, бір күміс олжаласа, Надежда Дубовицская күміс медаль жүлделеп қайтты. Өзге атлеттер жеке рекордтарын жаңартып, алдағы жарыстарда топ жаруға талпынуда. Ол үшін барлық жағдай қарастырылған. «Аltay athletics-2» жас атлеттер клубының ашылуы осыған дәлел. Бұл топта қазір 19 жасқа дейінгі 20-дан астам жасөспірім тәрбиеленуде.

Ольга Рыпакова облыстық «Аltay athletics» жеңіл атлетика клубының капитаны:

- «Аltay athletics-2» атты топ құрамында тек ғана жас балалар. Дәл ондай жасымызда бізде спортпен жан жақты айналысу үшін толық жағдай болған жоқ еді. Әйтеуір бір амалын тауып дайындалатынбыз. Ал бұл жерде барлық мүмкіндіктер бар. Тек талмай жаттығу керек. Клуб жетекшілігі спортшылардың бабын жасау үшін барынша қолдау көрсетіп келеді.

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер