Бокс

Головкин Альварестің рингті айнала қашатын тактикасын сынады

news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий GGG Головкин Лас-Вегасқа ресми салтанатты шараға ұшып келді. Ол Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуына санаулы күн қалғанда өзінің көңілі көтеріңкі екенін байқатты, деп хабарлайды prosports.kz сайты Today.kz-ге сілтеме жасап.

Головкин рингті айналып қашатын мексикалық боксшыны қуып жететінін айтты.

- Менің аяғым жылдам. Ол – қатардағы қарапайым боксшы емес. Ол – үлкен боксшы, оның қолы мықты, боксшыға тән IQ-ы жоғары. Бұл жекпе-жек басқа болады, біз дайынбыз. Өзімді дені сау, мықты адам ретінде сезінемін, мына күлкім өзімде қалады. Бірінші жекпе-жекте тәжірибе жинап алдым, бірақ мен қобалжымаймын. 20 жыл бұрын қобалжыған болар едім. Бірақ қазір үмітім зор. Бұл орасан зор жекпе-жек, – деді Головкин.

Қазақстанда Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте таңертең көрсетіледі. Бокс кеші Qazsport пен Qazaqstan арналарынан 06:00-ден бастап көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер