Бокс

Бокс саласының беделді мамандары алдағы жекпе-жекте кімнің жеңетінін болжады

news-banner7
mobile-news-top

Танымал The Ring журналы журналистер мен беделді сарапшылар арасында сауалнама жүргізіп, Головкин мен Альварес жекпе-жегінде кім жеңетінін болжап көрді, деп хабарлайды prosports.kz сайты Today.kz-ге сілтеме жасап.

Басылым тілшілері мынадай болжам айтқан:

- Том Грэй: Головкин жеңеді (UD);
- Мартин Малкай: Головкин жеңеді (UD);
- Энсон Вайнрайт: "Канело" 10-раундта техникалық нокаутпен жеңеді;
- Франциско Салазар: Головкин жеңеді;
- Норм Фрауэнхайм: Головкин жеңеді (UD);
- Гарет Э. Дэвис: "Канело" төрешілер шешімімен жеңеді (SD);
- Рон Борхес: "Канело" жеңеді;
- Дуглас Фишер: Головкин жеңеді (MD);
- Майкл Вудс: Головкин көп төрешінің шешімімен жеңеді (MD);
- Ли Гроувз: Головкин барлық төрешінің шешімімен жеңеді (UD).

Ал бокс саласының мамандары былай болжаған:

- Тони Лопес (екі категория бойынша бұрынғы чемпион): "Канело" жеңеді UD;
- Виктор Силва (ТВ-сарапшы): "Канело" жеңеді UD;
- Рауль Перес (екі категория бойынша бұрынғы әлем чемпионы): "Канело" жеңеді;
- Джон Скалли (тренер): Головкин жеңеді;
- Брэд Гудман (матчмейкер): Головкин жеңеді;
- Тони Толж (менеджер): "Канело" жеңеді UD;
- Родни Берман (промоутер): "Канело" жеңеді;
- Жолин Миззоне (матчмейкер): "Канело" жеңеді UD;
- Джон Бенинати (матчмейкер): Головкин жеңеді;
- Рон Катц (матчмейкер): "Канело" жеңеді;
- Стив Фархуд (ТВ-сарапшы): "Канело" жеңеді;
- Серхио Мора (бұрынғы әлем чемпионы/ТВ-сарапшы): Головкин жеңеді (SD);
- Камерон Данкин (промоутер): Головкин жеңеді;
- Кэти Дува (промоутер): "Канело" жеңеді (UD);
- Дюк Маккензи (үш категория бойынша бұрынғы әлем чемпионы/ТВ-сарапшы): Головкин жеңеді.

Қорытынды есеп: 13-12 Головкиннің пайдасына шешілді.

Қазақстанда Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте Qazsport пен Qazaqstan арналарынан 06:00-ден бастап көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер