Әлем футболы

«Барселонаның» бапкері: Қарсыласымыз барлық мүмкіндігін голға ұластыра алды

news-banner7
mobile-news-top

«БИІК-Қазығұрт» UEFA Чемпиондар Лигасы 1/16 финалының алғашқы матчында «Барселонаны» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады prosports.kz.

Кездесуден кейін каталониялық команданың бас бапкері Фран Санчес ойын жайлы ойымен бөлісті.

- Матч туралы не айтар едіңіз?

- Қарсылас біздің қақпамызға жақсы шабуылдар ұйымдастырды. Әрі барлық мүмкіндіктерін голға ұластыра алды. Бүгін қазақстандық футболшыларды алаң жиегінде өте көп жанкүйер қолдады. Жанкүйер толы алаңда доп тебу өте жақсы. Бірақ 26 қыркүйекте қарымта ойында бізді де өз жанкүйерлеріміз қолдайды, олар біздің «БИІК-Қазығұртты» жеңуімізге көмектесетін болады.

- Алаң сапасы көңіліңізден шықты ма?

- Ия, бұндай алаңда доп тебуге болады. Екі команданың да мүмкіндігі бірдей болды.

Естеріңізге сала кетейік, қарымта кездесу 26 қыркүйекте Барселонада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер