Басқа

Андрей Худяков ату спортынан жасөсіпірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Андрей Худяков ату спортынан жасөсіпірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы Андрей Худяков ату спортынан Оңтүстік Кореяның Чхавон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қол медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Біздің спортшы жылжыламы нысананы көздеу сайысында Ресей мен Украина спортшыларын ғана алға шығарып қойды.

«Бұл менің алғашқы әлем чемпионатым. Осының алдында тек Чехия Гран-При жарысына қатысқан едім. Жарыс жоғарғы деңгейде, мықты спортшылар өте көп. Көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Бұл менің жеке рекордым. Жарыстың алғашқы жартысында көш бастап келе жатқан едім, өкінішке орай екінші жартысында қобалжу кесірін тигізген болар сәл нашар өнер көрсеттім. Жіберген әрбір қателік алатын орнына әсер етеді. Алдағы жарыстарда қате жібермеуге тырысамын. Еңбек етіп, жаттығу жасау керек. Шынымды айтсам, орын аламын деп ойламадым. Медаль, нәтиже туралы ойламадым. Нәтижесінде әлем чемпионатында жеке рекордым орнатып, үшінші орын алдым», - дейді Андрей Худяков.

Жарысқа Қазақстаннан 15 спортшы қатысты.

Қыркүйектің 2-15 күндері өтіп жатқан 52-ші Әлем чемпионатына 90 елдің мергендері қатысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер