Футзал

45 жастағы Роберто Карлос дубль орындады (видео)

45 жастағы Роберто Карлос дубль орындады (видео)
news-banner7
mobile-news-top

«Реалдың» бұрынғы қорғаушысы, бразилиялық Роберто Карлос Жапонияның Осаке қаласында футзалдан өткен матчта қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24 порталына сілтеме жасап.

Аңызға айналған бразилиялық футболшы ойыннан бір апта бұрын Жапонияға ұшып келіп, болашақ серіктестермен бірге жаттығу өткізді. 3 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен матчта Роберто Карлос екі гол соғып, командасын 2:1 есебімен алға шығарды.

45 жастағы Роберто Карлос өзінің мансабын 2015 жылы аяқтады. «Реалмен» бірге «Палмейрас», «Интер», «Коринтианс» және «Анжи» командаларында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, «Дели Дайнамос» үнді футбол клубында ойыншы-бапкер болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер