Жеңіл атлетика

Қазақстандық жеңіл атлет Литвадағы жарыста жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Морозова Литвада өткен халықаралық турнирде спорттық жарыстан жеңіске жетті, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Кристина алдағы қазан айында Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады. Осы ірі доданың алдында спортшы өзінің дайындығын бір пысықтап алды.

Литваның Друскинскай қаласында өткен жарыста 17 жастағы атлет 3 шақырымдық спорттық жүрістен қатысты. Сайыста 2001-2002 жылы туған жас атлеттер бақ сынады.Жерлесіміз қарсыластарының алдын орап, мәреге 14 минут 51 секундта жетті. Екінші орын алған спортшының уақыт көрсеткіші – 15.05 минут болса, үшіншісі – 15.21.

Айта кетейік, Друскининкайда спорттық жүрістен халықаралық жарыс жыл сайын дәстүрге айналған. Морозова Буэнос-Айресте 5 шақырымдық спорттық жүрістен өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер