русский язык
Футбол

Павел Черепанов: «Маған ҚФФ-дан хабарласып Бердыевтің нөмірін сұрады»

Павел Черепанов: «Маған ҚФФ-дан хабарласып Бердыевтің нөмірін сұрады»

«Қайраттың» техникалық директоры, кезінде «Рубин» бапкері боп жұмыс істеген Павел Черепанов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында қазандық команданың экс-бапкері Құрбан Бердыевтің Қазақстан құрамасы мен «Астана» командасын жаттықтыруы қаншалықты мүмкін екендігін алға тартты.

- Павел Петрович, Құрбан Бекейұлымен хабарластыңыз ба?

- Иә, жұбату үшін звондағам. Ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істедік. Бірақ маған жұмыстан кеткені туралы ештеңе айтқан жоқ.

-Бәлкім көңіл-күйі жоқ шығар?

- Әрине, көңіл-күйі жоқ. Қандай сезімде екенін көру үшін көзбе-көз сөйлескен дұрыс. Құрбан Бекиевич көп сөйлемейтін адам. Тек онымен сұхбат жасаған кезінде ғана неліктен жұмыстан босатылғандығын білуге болатын шығар.

- Қазіргі кезде Құрбан Бекейұлы Қазақстан құрамасын қолға алады деген сыбыстар көбейіп кетті. Қаншалықты рас бұл әңгімелер?

- Маған Қазақстан футбол федерациясынан қонырау шалып, оның нөмірін сұрады. Бірақ, Бердыевтің мұнда келуі екі талай. Ұлттық құрамамен жетістікке жету үшін, команда жақсы, мықты ойыншылардан жасақталу керек. Клуб туралы айтсақ, әңгіме басқа. Онда шетелдің жақсы ойыншыларын шақыруға болады. Бұдан басқа, инфраструктура мен стадиондары жақсы болуы қажет. Қазақстанда  «Қайрат» пен «Астана» ғана еуропалық командалардың деңгейіне жақындаған. «Қайраттың» бас бапкері бар, ал «Астанада» жоқ. Елордалық команда оны қызықтыруы мүмкін. Дегенмен, одан бірден жеңісті күтуге де болмайды. Жақсы команданы жасақтау үшін уақыт керек. Бірақ, өз ойым ол жарты жылдай демалатын шығар. Неге дейсеңіз, «Рубинде» жұмыс істегенде ол демалған емес.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;