Зарина Дияс Жапонияда жұптық бәсекеде ширек финалға шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Зарина Дияс пен Чжен Сайсай Хиросимада өтіп жатқан WTA турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.
1/8 финалда Дияс - Чжен жұбы жапониялық Нао Хибино мен грузиялық Оксана Калашникованы жеңді.
1 сағат 10 минутқа жалғасқан кездесу 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.