Әуесқойлармен тең түстік

Әуесқойлармен тең түстік
news-banner7
mobile-news-top

Андорра-ла-Велье қаласында Ұлттар Лигасының аясында Андорра мен Қазақстан құрамалары кездесті, деп жазды Prosports.kz

Жаңа турнирдің шымылдығын ашқан алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Астана төрінде Грузиядан ұтылса, Андорра футболшылары сырт алаңда Латвия құрамасымен тең түскен.

Андорраның астанасында өткен ойында Қазақстан құрамасы алғашқы минуттардан шабуылға ден қойған. Алайда ойын бойыншы басым болған қазақстандық футболшылар бірінші таймда гол соға алмады. Тек ойынның екінші бөлігінде Қазақстан құрамасының қорғаушысы Юрий Логвиненко есепті ашты. Бірақ арада он минут өтпестен Серікжан Мужиков екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Ал ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Дмитрий Шомконың жасаған өрескел қателігін Андорра құрамасының ойыншысы пайдалынып кетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші кездесуде жеңіске жете алмады. Жалпы, екі ойында бір ғана ұпай қанжығалаған біздің құрама D дивизионының бірінші тобында көш соңында қалды. Дәл осы көрсеткішпен Латвия футболшылары бір саты жоғары орналасқан. Екі кездесуде тең түскен андорралықтар екінші орында. Ал ұпайдан шашау шығармаған Грузия құрамасы көштің басынды.

Ұлттар Лигасы. D дивизионы. 1 топ

Андорра - Қазақстан 1:1 (0:0)

Голдар: 68’ Логвиненко (0:1) 85’ Алаэс (1:1)

Қызыл қағаз: 76’ Мужиков

Қазақстан құрамасы: Эрич, Постников, Қуат, Мужиков, Исламхан, Тұңғышбаев , Щеткин, Муртазаев, Шомко, Бейсебеков, Логвиненко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер