Басқа

Дмитрий Алексанин: Олимпиада чемпионын жеңетінімді сездім

Дмитрий Алексанин: Олимпиада чемпионын жеңетінімді сездім
news-banner7
mobile-news-top

Азиада тарихында тұңғыш рет Қазақстан шпагамен семсерлесуден жекелей сында Азиада алтынына қол жеткізді.

Азия чемпионаттарында үздіктер қатарынан көрініп, әлемдік сындарда алғашқы бестікке еніп жүрген Дмитрий Алексанин көп күттірген алтынға ие болған еді.

Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берген Алексанин әлем мықтыларын қалай жеңгені туралы айтып берді.

- Мен Азиада алтынын ұзақ күттім. Өйткені, құрлықтық сындарда алтынға сынық сүйем қалғанда тоқтайтын ем. Жақында ғана Азия біріншігілінің финалында сүріндім. Сол себепті, алдыма тек чемпион атанамын деген мақсат қойдым.

Азиада барысында 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жеңімпазынан басым түскенім маған сенімділік сыйлады. Оны жеңетінімді сездім. Өйткені, кездесу басталған бетте алға шыққан едім. Сол басымдықты соңына дейін сақтадым. Жалпы, осы турнирге дайындық барысында Олимпиада чемпионына қарсы жақсы дайындалдым.

Азия ойындары ұмытылмас әсерлер сыйлады. Спортшылардың жолын ашып, алғашқы алтынды сыйлағаным үшін қуаныштымын. Енді Токиодағы Олимпиада ойындары күтіп тұр. Бар мақсатым – Токиода сәтті өнер көрсету, - деді Алексанин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер