русский язык
Хоккей

Евгений Рымарев пен Александр Шин - Универсиаданың ең нәтижелі ойыншылары

Евгений Рымарев пен Александр Шин - Универсиаданың ең нәтижелі ойыншылары

Трентинода өткен қысқы Универсиадасының қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы мен «Қазцинк-Торпедоның» шабуылшысы Евгений Рымарев үздік болып танылды.

Ол 6 матчта 7 гол соғып, 7 нәтижелі шайба берді. 14 ұпаймен Рымарев турнирдің үздік шабуылшысы атанды. Одан кейінгі орында оның серіктесі, 6 матча 13 ұпай жинаған Александр Шин тұр, деп хабарлады хоккей клубының баспасөз қызметінен.

Құрамында жоғары нәтижелі ойыншылары бола тұра біздің ұлттық құрамамыз Канаданы ұта алмады. 2:6 есебімен ұтылған отандастарымыз қысқы Универсиаданың күміс жүлдесін алды.

Еске сала кетейік, Қазақстан хоккейінің тарихында біздің студенттер құрамасы бір-ақ рет Испанияда 1995 жылы жеңімпаз атанған болатын. 1993 жылы Польшада біздің ел құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге, қазақстандықтардың қоржынында бір қола (Турин қаласы, 2007 жыл) және екі төртінші орын (Харбин қаласы, 2009 жылы және Эрзурум қаласы, 2011 жылы) бар.


 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;