Жеңіл атлетика

Құрлықаралық кубок-2018:Виктория Зябкина мәреге сегізінші келді

news-banner7
mobile-news-top

Чехияның Острава қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) құрлықаралық кубогы өтті. Азия құрамасына кірген Виктория Зябкина 200 метрге жүгіруден ең соңғы орында қалып қойды, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Ольга Рыпаковадан бөлек, Азия-Мұхит аралдары құрамасына Қазақстаннан Виктория Зябкина да енген болатын. Ол 200 метрге жүгіруден қатысты.

Әйелдер арасындағы 200 метрге жүгіруден негізінен Еуропа мен Америка құрлығының спортшылары фаворит саналған. Атап айтсақ, голландиялық Дафне Схипперс пен жақында ғана «Гауһар лигада» топ жарған Багам аралдарының спортшысы Миллер-Уйбо бас жүлдеден үміткер саналған. Екеуі орталық төртінші және бесінші жолақта жүгірді. Алғашқы 150 метрлік қашықтықта Схипперс бірінші келе жатқан, бірақ кейіннен Миллер-Уйбо оны басып озды. Багам аралдарының спортшысы мәреге 22.16 секундта жетті. Қарсыласы 0,12 секундқа қалып қойды.

Қазақстаннан барған Виктория Зябкинаның Чехияда жолы болған жоқ. Ол 8 қатысушының арасында ең соңғы болып келді. Уақыт көрсеткіші – 24.34 сек.

Айта кетейік, IAAF-тың құрлықаралық кубогы ең алғаш рет 2010 жылы Сплитте өткізілген. Хорватияда Қазақстан атынан қатысқан Ольга Рыпакова 15.25 метрге секіріп, Азияның рекордын жаңартқан.Сондай-ақ өзінің спорттық карьерасындағы үздік нәтижені тіркеген болатын.

Острава. Құрлықаралық кубок-2018. 200 метрге жүгіру, әйелдер:

1. Шона Миллер-Уйбо (Багам аралдары, Америка құрамасы) – 22.16 сек.

2. Дафне Схипперс (Нидерланды, Еуропа құрамасы) – 22.28 сек.

3. Мари-Жози Та Лу (Кот-Д'Ивуар, Африка құрамасы)) – 22.61 сек.

4. Шерика Джексон (АҚШ, Америка құрамасы) – 22.62 сек.

5. Эдидионг Одионг (Бахрейн, Азия-Мұхит аралдары құрамасы) – 22.62 сек.

6. Ивет Лалова-Коллио (Болгария, Еуропа құрамасы) – 23.18 сек.

7. Джермейн Абиссоло Бивина (Камерун, Африка құрамасы)) – 24.08 сек.

8. Виктория Зябкина (Қазақстан, Азия-Мұхит аралдары құрамасы) – 24.34 сек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер